Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құрылысы аяқталмаған ғимаратқа есік пен терезенің суреттерін салып қойған

Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан құрылысы әлі аяқталмаған ғимаратқа есік пен терезенің суреттерін салып тастапты.

8988

Бұл туралы krisha.kz хабарлайды.

“Сұңқар” спорт кешеніне қарама-қарсы салынған ғимарат алыстан қарағанда толыққанды аяқталған құрылыс секілді көз тартады. Бірақ жақындап барып қарағанда құрылыс жабынымен қапталып қойғанын байқауға болады.

Аумақта күзетшіден басқа ешкім жоқ. Ешқандай құрылыс жұмыстары да жүргізілмеген. Абай даңғылы бойындағы осындай тағы бір ғимаратқа “жөндеу” жүргізіліпті. Ол әппақ жарнамалық қаптамамен жабылып, сиықсыз құрылысты бүркемелеп қойған.

Мұндай белсенділік Алматыда өтетін Универсиада-2017 қарсаңында мәжбүрліктен жасалып жатқан секілді.

Оқи отырыңыз:

Елімізде тіркеуге тұрмағандарға наурыздан бастап жаппай айыппұл салынады

Астанадағы Сирия келіссөздері кезінде журналистер төбелес шығарды

Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

Ақтөбелік шенеуніктердің мәдениетсіздігі жұртты шошытты

Талқылау