Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда гайморитін емдеуге барған жігіт медициналық орталықта көз жұмды

Марқұм болған Алексей Губенконың 26 жастағы жары оның гайморит дертін емдеуге кеткенін, алайда бірнеше сағаттан соң оның көз жұмғаны жайлы хабар алғанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы.

3F1F4710-776D-4865-9EB1-1BF739377F3E_w1023_r1_s

«Күйеуіммен бірге оның досы болған. Ол емдеу кезінде кабинетке кірмеген. Тек сыртта күтіп отырған. Айтуынша, Алексей алдымен жуынып, кейін процедуралық кабинетке кірген. Ол жерде өзін нашар сезінген көрінеді», – дейді әйелі Виктория Губенко.

Әйелінің айтуынша, Алексей ешқандай қауіпті дертпен ауырмаған. Өлімі туралы куәлікте оның тұншығып көз жұмғаны жазылған. Ал, нақты не себеп болғаны белгісіз. «Аман саулық» қоғамдық қорындағылар, мұның анафилактикалық шок әсерінен болуы мүмкін екенін айтады. Ол қауіпті емдік аллергиядан болады.

«Оның бұрын мұндай антибиотик қабылдағанын білмеймін», – дейді «Аман саулық» қорының президенті Бақыт Түменова.

Виктория Губенко полицияға арыз жазып, Денсаулық сақтау министрлігіне, фармацевтика мен медициналық бақылау комитетіне хабарласты. Медициналық орталықта науқастың не себепті көз жұмғаны жайлы айтқан жоқ. Ондағылар сот-медициналық сараптама алғанға дейін пікір білдірмейтіндерін айтты. Сараптама нәтижелері жақын күндері дайын болады.

Тағы оқыңыздар:

Оралда өзіне қол жұмсады делінген басшыны қызметкері айуандықпен өлтірген болып шықты

Әрбір дерттің қандай сыры бар: Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады

ШҚО-да шопан тасып жатқан өзенде жанталасып жатып мерт болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр