Алматы облысында екі бала бетон плитасының астында қалып көз жұмды
1 маусымда күндіз Еңбекші қазақ ауданы Балтабай ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ауыл шетінде 6 және 8 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Сурет: world.fedpress.ru
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Белгілі болғандай, олар ескі су тартқыш ғимаратында ойнаған. Жүгіріп ойнап жүрген балалар бетон плитасының астында қалды.
«Еңбекші қазақ АІІБ қызметкерлері аталған фактіні оқыс оқиға ретінде тіркеді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеріс кезінде полицейлер балалар өліміне қатысты барлық жайды ескеріп, тиісті шаралар қабылдайды», – деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметінде.
Жіберіп алмаңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады