Алматылық келіншек “телефон қоңырауы үшін” сотталды
Алматыда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабар берген келіншек 2,6 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон соққан еді. Ол қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Комиссия тексерісі хабарламаның жалған екенін анықтады.
Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, күдікті анықталды және “ізін суытпай” ұсталды. Медеу аудандық сотының үкімімен Н есімді азаматша ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Полиция қазақстандыққа 10 жыл бұрын ұрланған ұялы телефонын тауып берді
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан