Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкерлер Ashyq жобасындағы түс бойынша шектеу қоюға қарсы шықты

Кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласының сауда үйлеріне "Ashyq" жобасында "көк" деңгейге ие тұрғындарды кіргізбейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Олардың сөзінше мұндай шешім кәсіпке зиянын тигізеді, бірақ халықтың вакцина алуын жылдамдатпайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

мега

Сауда үйінің иелері халықтың вакцина алуға деген құлшынысын арттыру керек деп есептейді. Мысалы, Mega сауда орталығы ұйымдастырған "Вакцина салғызып, көліп ұтып ал" науқанынан кейін 34 000 адам вакцина алған. 

"Сауда үйлері вакцина алмаған тұрғындарды қыспаққа алудың құралына айналды. Біз орталықтарымызда барлық қауіпсіздік шараларын сақтаймыз. Кіретін есіктерде жылу тексеретін құралдар орнатылған, күзетшілер маска режимінің сақталуын қатаң бақылайды. Санитарлық топтар барлық жерлерде тазалау жұмыстарын жүргізеді", - деп мәлімдеді "MEGA" сауда үйінің директоры Батухан Маслахатов. 

Ourworldindata.org сайты жариялаған деректерге сүйенсек, вакцина алмаған тұрғындардың сауда үйіне кіруін шектеу вакцинациялау жылдамдығына еш әсер етпеген. Керісінше, бұл процессті 44%-ға төмендеткен.



Сауда үйлерінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталады дейді кәсіпкерлер. Келушілердің температурасын өлшеген соң ғана ішке кіргізеді. Ал масканы шешетін болса, санитарық топтан ескерту алады. Сонымен қатар сауда орталығына тек "жасыл" деңгейлі тұрғындарды кіргізетін болса, қалған азаматтардың базарға баруына тура келеді. Бұл адамдардың бір орында көптеп жиналуына әсер етеді дейді.

"Кинотеатрлар ашылған уақыттан бері қалыпты нормаға әлі жеткен жоқ. Бірде-бір ай біз үшін тиімді болмады. Келушілер саны артып келе жатқанымен, бұл экономикалық жағдайды жақсартпады", - дейді кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко. 

Тұрмыстық техника дүкенінің иелері локдаун уақытында сауда үйлерінің жабылғанын, осының салдарынан сауда деңгейінің екі есеге төмендегенгін айтады. Сатып алушылардың негізгі бөлігі демалыс күндері келеді екен. Алайда бұл уақытта сауда орталығына тек "жасыл" деңгейлі азаматтарды кіргізген. Егер мұндай шектеуді жұмыс күндеріне де енгізетін болса, кәсіп ұзақ уақыт қалпына келмеуі мүмкін дейді кәсіпкерлер. 

"Сатылым деңгейінің төмендейді. Тауар айналымы кем дегенде 50 пайызға азаяды. Бұл қызметкер санының қысқаруына алып келері сөзсіз", - деп мәлімдеді тұрмыстық техника дүкені сату бөлімінің менеджері Азат Кекебай.

"MEGA" сауда үйі ритейлерлер ассоциациясымен бірлесе отырып ведомствоаралық комиссияға ұсыныс білдірген. Көптеген дүкендер сатылым деңгейінің төмендеуінен жабылып та қалуы мүмкін. Ал мыңдаған адам жұмыссыз қалады деп мәлімдеді олар. 

Талқылау