Алматыға Дастан Сәтпаев үшін “Челси” өкілдері келді

Алматылық Қайрат футбол клубының базасына лондондық "Челси" өкілдері арнайы келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Алматыда “Челси” мамандарын қарсы алғаныма қуаныштымын. Алекс пен Сэм “Қайраттың” оқу-жаттығу базасында біздің бапкерлер құрамымен бірлесіп нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр", – деді Боранбаев.
Оның айтуынша, "Челси" мамандары жарақат алған жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың оңалту үдерісіне атсалысып жатқанын атап өтті.
"Дастан Сәтпаевтың оңалту үдерісін жеке талқыладық. Британиялық мамандар оның қалыпқа келуіне көмектесіп қана қоймай, алаңда да, жаттығу залында да дене дайындығы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде. Дастанның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Көптен күткен жаңа маусым да жақын қалды", – деп жазды Боранбаев.
Айта кетейік, 2025 жылғы 10 ақпанда 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың "Қайраттан" "Челси" клубына ауысатыны ресми түрде жариялаған.
Келісімшартқа сәйкес, жас форвард 18 жасқа толғаннан кейін, 2026 жылдың тамыз айында лондондық клуб сапына қосылады. Трансфер құны шамамен 4 миллион еуроға бағаланған.
Дастан Сәтпаев 2025 жылдың қарашасынан бері жарақатына байланысты бірде-бір матчқа қатысқан жоқ. Қазіргі таңда ол оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
Cондай-ақ ол 28 ақпандағы “Қайрат” – “Тобыл” матчына қатыспайды.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген