Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тергеу изоляторынан қашқан сотталушы ұсталды

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер Ақтөбеде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы Дамир Давутов 28 ақпанда ұсталды.

"Алматы қаласы ҚАЖД және Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері қашып кеткен сотталушыны ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын сәтті аяқтады", - деп толықтырды ІІМ.

Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК 426-бабы ("бас бостандығынан айыру орындарынан қашу, күзеттен немесе қамаудан қашу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ведомствода ҚАЖ Комитеті қызметтік тексеру жүргізгенін, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартқанын атап өтті.

Айта кетейік, ер адам бұрын бірнеше рет сотталған, осы іс бойынша ұрлық пен алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Естеріңізге сала кетейік, сотталған қылмыскер 15 ақпанда Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кетті. Кейіннен БАҚ-та сотталушының аты-жөні мен суреті жарияланды.

Талқылау