Алматыда жүргізуші қарияны қағып, ауыр жарақаттарымен есіктің алдына тастап кеткен
Алматыда жүргізуші егде жастағы әйелді қағып кетіп, ауыр жарақаттармен есігінің алдына әкеліп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарияның туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.
Олар оқиғаның 16 қараша күні сағат 17.00-18.00 аралығында Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болғанын айтты.
"Жүргізуші әжемізді қағып кетті, сосын оны өзімен бірге алып, аулада бір жерге тастап кетті. Оның үйге қалай жеткенін білмейміз. Жедел жәрдем шақырдық, оны ауруханаға жеткіздік. Оның басы көгерген. Аяғы, қабырғасы мен жамбасы сынған. Оқиға куәгерлері болса, бізбен байланыс орнатуын сұраймыз", - деп жазды зардап шегушінің туыстарының бірі.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"