Алматыда жүк көлігі 17 жастағы мопедисті қағып кетті
Алматыда 17 жастағы мопедисті жүк көлігі қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gallery.world
Күні кеше сағат 15:45-те 61 993 авиациялық-шабуылдау бөлімшесінің жанында адам өлімі орын алды.
"1990 жылы туған КамАЗ жүргізушісі Красногорская көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылған сәтте 2006 жылы туған азамат А. басқарған мопедпен соқтығысқан", – делінген хабарламада.
Алған жарақаттарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал жолаушысы зардап шекті. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, күні кеше Алматыда жүк көлігі самокат мінген жасөспірімді басып кеткен еді. Жол апаты Тимирязев көшесінде болған.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"