Алматыда жылу қазандығындағы апаттан 180 көпқабатты үй жылусыз қалды
Алматыда оңтүстік аудандық қазандықтағы апат салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Алматы тұрғынының айтуынша, үйіндегі батареялар салқындап, үйдің іші қатты суып кеткен.
Қазандық апатынан Жароков – Әл-Фараби – Тимирязев – Желтоқсан көшелеріндегі үйлер зардап шеккен. Бұл аумақта 180 көпқабатты үй, 17 жеке тұрғын үй, төрт мектеп және үш денсаулық сақтау нысаны бар.
Оңтүстік қазандық өкілдері сағат 23.00-ге дейін жылу берілетінін айтты.
Қытай көліктері нарықты қалай жаулап алды және оларды сатып алу тиімді ме
Қазақстанда қытайлық автомобиль брендтері арасында Changan, Chery, Haval, Jetour және Geely модельдері кеңінен таралған
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады