Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тағы жер сілкінді

Бүгін таңертең сағат 9:12 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Қазақстан аумағында.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балдық жерасты дүмпу сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда жер сілкінген еді. Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 сәуір 07:44-те тіркеді.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. Mагнитудасы – 4,0", – делінген хабарламада. 

Талқылау