Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаппай вакцинациялау басталды

Алматы қаласында коронавирус індетіне қарсы халыққа жаппай вакцина салу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағалидің айтуынша, Алматыда сағат 16:30-ға дейін вакцинаны 4 мыңнан астам адам алды. Вакцинация науқаны белсенді жүргізіліп жатыр. 

"Қазіргі уақытта Алматыда 56 егу кабинеті бар, олардың 16-сы жеке меншік. Біз коронавирусқа қарсы вакцинацияны алғысы келетіндердің барлығын қарсы аламыз. Сәуір айында 250 егу пунктін ашу жоспарда", - деді Лаура Мырзағали. 

Ол Алматының 30-дан астам сауда орталықтарында коронавирустан екпе салдыруға болатынын мәлім етті. Вакцинация салдырғысы келген кез келген адам екпе ала алады. 1 сәуір күні қалаға 21 860 доза вакцина жеткізілді. 

"Қазіргі уақытта біз Алматы қаласында вакцинация жоспарын әзірледік, бүгін ол әкіммен келісілетін болады. Әзірше біз барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтап жатырмыз, вакцинациялаудың уақытша пункттерінің орындарын пысықтап жатырмыз, сондай-ақ осы учаскелерде кезекшілікті кім атқаратынын анықтаймыз", - деді дәрігер. 

Сонымен бірге, қазір қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлеріне Алматының медициналық колледждерінің түлектері көмектесетін болады. Сондықтан егу пункттерінде мамандар жетіспеушілігі болады деп алаңдауға негіз жоқ. 

Егу кабинеттері мектептерде, базарларда, сондай-ақ СОО-да ашылады. Алдын ала тізім жасалды. 

Бұдан басқа, Алматы базарларының аумағында: Өжет, Ақ бұлақ, Кенжехан, Тастақ, Орбита, Олжа, Байсат, Түрксіб және басқа орындарда пункттерді ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды. 


Алматы қаласына арналған 2021 жылдың оразасы кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр