Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған букмекер кеңселерінің өкілдері сотталды

Бұдан былай букмекер кеңселері "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңға қаржылық мониторинг субъектілері ретінде енгізілген. Олар Қаржылық мониторинг агенттігіне күдікті ұтыс тігулер туралы ақпарат беруге міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды. 

Букмекер кеңселері кез келген кәсіпкерлік қызмет секілді бизнес болып табылады. Қазақстанда олардың қызметі "Ойын бизнесі туралы" заңмен реттеледі. Сонымен қатар, заңсыз онлайн-казинолардың жұмысы, сондай-ақ букмекер кеңселерінің ашық емес қаржы ағындары қылмыстық кірістерді жылыстату үшін тәуекелдер тудырады. Осыған байланысты, букмекер кеңселері "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңға қаржылық мониторинг субъектілері ретінде енгізілген. Олар Қаржылық мониторинг агенттігіне күдікті ұтыс тігулер туралы ақпарат беруге міндетті.

Олардың қызметі букмекер кеңселері арқылы қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларын жиі анықтайтын уәкілетті органдардың бақылауында. 2020 жылы Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллионнан астам теңгені заңсыз жымқырған. Әрі қарай, ол қаражаттың бір бөлігін букмекер кеңсесі арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.

Тергеу барысында барлық деректер дәлелденіп, сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазақстанда "Ойын бизнесі туралы" Заңмен онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынғанын атап өткен маңызды. Алайда, букмекер кеңселерінің жекелеген қызметкерлері оңай пайда табу мақсатында заңның талаптарын елемейді және клиенттерді заңсыз онлайн-казино мен тотализаторларға тартып отырады.

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған "PariMatch", "ВК Triumph", "Фаворит" және "PROFITBetting" букмекер кеңселерінің лауазымды тұлғалары сотталды. Сот оларға әртүрлі жазалау шараларын тағайындады. Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Букмекер кеңселеріне қаржылық мониторинг субъектілері ретінде күмәнді операциялар туралы ақпарат бермегені үшін лицензиядан айыруға дейін жауапты болады.

Өз кезегінде, букмекер кеңселеріне қаржылық мониторинг субъектілері ретінде күмәнді операциялар туралы ақпарат бермегені үшін лицензиядан айыруға дейін жауапкершілік жүктелген.

Жанна Мәлік
Сейсенбі, 17 Тамыз, 2021 16:25
Талқылау