Алматыда тау бөктері өртенуде: Тілсіз жау үйлерге қауіп төндіруде (видео)
Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртенуде. Тілсіз жау жақын маңдағы үйлерге жақындай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілерге от шыққан аймаққа жаяу баруға тура келген. ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру қиынға соғуда.
“Өрт сөндірушілер Медеу ауданы Думан ықшам ауданына сағат 16:05-те жіберілді. Қураған шөп жанып жатқан аймақта 46 үй бар. От шыққан аумаққа көлікпен бару мүмкін болмағандықтан өрт сөндірушілер ол жаққа жаяу аттанды”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар дала өрті сол маңайдағы үйлерге шабу қаупін төндіруде екенін айтады. Тілсіз жаумен күресуге 25 маман мен бес техника бірлігі жұмылдырылған.
Өрттің бірінші пайда болған аумағы 1 гектарды, екіншісі 1,5 гектарды құрайды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”