Алматыда сауда үйі өртенді
Алматыда "Ақсай" сауда үйі өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 20 қараша күні сағат 13:45-те өрт сөндірушілер жоғары қауіп деңгейімен шақырылды. Оқиға орнына келген бойда 6 минуттан кейін "Ақсай" сауда үйінің бірінші және екінші деңгейінде 150 шаршы метр алаңда дүкендер өртенді.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 буыны және түтін жою автомобилі өртті сөндіруге жұмылдырылды.
Алматы қаласы ТЖ Департаменті мәліметінше, сағат 14:05-те өрт ауыздықталып, сағат 14:12-де өрт сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралар сауда үйінің қалған сауда алаңдарын қорғауға мүмкіндік берді. Ғимарат жанып жатқан кезде оған кірген адамдар болмаған.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады