AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоршауға өрмелеген бала тоқ соғып, ажал құша жаздады

Алматыда саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген баланы тоқ соқты. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

қоршау

"Мен жұмыста болғанмын. Көршім қоңырау шалып "Тез кел, балаң ес-түссіз жатыр" деп айқайлады. Мен жүгіріп келдім, оның аяқ-қолы бүгілмейді. Жедел жәрдемнің келгені жақсы болды. Ауруханада дәрігерлер электр тоғы жүрекке кері әсер етуі мүмкін екенін айтты", – деді анасы Әлия Әбдікәрімова. 

Жергілікті тұрғындар қоршаудың бірнеше рет кернеулі болғанын айтады. Дәл осындай жағдай Ботагөз Мұқашеваның немересінде де болған екен. 



"Үлкен немерем бұл оқиғадан бір күн бұрын келіп, тоқ соққанын айтты. Мен сенбедім, ойдан шығарды деп ойладым. Шын болып шықты. Қазір бақылап отырмыз. Бұл тоқ болған соң салдары кейін білінуі мүмкін. Уайымдймыз", – деді Ботагөз Мұқашева. 

Ата-аналар ойын алаңқайын салып беру туралы өтінішке ертерек көңіл бөлгенде, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді дейді. 

"Біз қалаға қараймыз, бірақ мәртебе жоқ, ешкім емеспіз. Салықты қалаға төлейміз. Бірақ мәртебе берілмеген. Егер жол туралы айтса, бізді саяжай дейді. Мұны қалай түсінеміз?" – деп наразылығын білдірді оқиға болған "Птицевод" бау-бақша серіктестігінің тұрғыны.

Алатау ауданының әкімдігіндегілер ойын алаңқайын салу мәселесі бойынша жұмыс істеліп жатқанын мәлімдеді. Мәселені жыл соңына дейін шешуге уәде берген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр