AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір ай бұрын ескертуге болар еді": Алматыда компания жұмысшыларды өз еркімен қызметтен кетуге мәжбүрлеп, қосымша жалақыны төлемей қойған

Алматыдағы азық-түлік сататын ірі сауда желілері мен супермаркеттерде жұмыс істеген 200-ге жуық қызметкер еңбек ақыларын даулап жүр. Дистрибютерлік компания қаржылық қиындықтарға байланысты қарамағындағы қызметкерлерін қысқартыпты. Алайда супервайзер мен мерчендайзерлерге басшылық екі айлық қосымша сыйақыны бермеген. Жалақыдан бөлек атқарған қызметіне қарай төленетін маңдай тер ақыларын талап еткендер плакат ұстап, наразылыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

жұмысшылар

Плакат ұстап, наразылыққа шыққандар – Алматыдағы азық-түлік сататын ірі сауда желілері мен супермаркеттерде жұмыс істеген қызметкерлер. Жақында қысқартуға іліккен 200-ге жуық супервайзер мен мерчендайзерлер дистрибютерлік компания маңдай тер ақымызды толық төлемеді деп отыр.

“Мамыр мен маусымдағы бонустарды ала алмай отырмыз. Сату бөлімінің қосымша іске төленетін жалақы да бар. Бізге белгілі бір мақсат қойылады. Сол мақсатты орындап, нәтижеге жетсек, ақша төленеді бізге. Шамалап айтқанда орта есеппен бір адамға 80-90 мың төлену керек. Еңбек ақымызды талап етеміз. Біз ол мақсатты орындадық, орындап келгенбіз”, – деді Нұржігіт Оралбаев.

Тауарларды сататын әрі дүкен сөрелерінде өнімдердің ыңғайлы ретпен орналасуы мен таусылып қалмауын қадағалайтын қызметкерлердің ресми жалақысы 80 мың теңге. Дегенмен осы айлықтан бөлек атқарған жұмысының көлеміне қарай қосымша ақы төленіп, мамандар 160 мың қолдарына алып келген. Бірақ айдың басында Tezco Trade серіктестігі қаржылық қиындықтарды алға тартып, ұжым санын екі есеге қысқартыпты. Басшылықтың бұл шешімін де соңында естідік дейді ашулы қызметкерлер.

“Барлығының бала-шағасы бар. Несие бар. Пәтер жалдап тұратындар бар. Бізге ол нәрсе туралы бір ай бұрын айту керек еді. Бізге бір күнде айтты. “Жалақы сақталмайтын демалыс деп жазып кетіңіздер, тауар жоқ” деген секілді әңгіме айтты. Бізге жұмыстан кету туралы арыз жазғызды. Біз бонус беріледі ме деп сұрады. Олар “Барлығы беріледі” деп уәдені үйіп төкті. Бізге өзіміздің ақшамыз керек. Біреудің ақшасын сұрап жатқан жоқпыз”, – деп қосты Әйгерім Ербол.

Ал компанияның басшысы қол астындағы қызметкерлермен толық есеп айырысқанын мәлімдеді. Заң жүзінде жұмысшыларға тиісті еңбек ақыларын бердік деген ол барлық құжаттарды тиісті органға көрсетуге дайын.

“Жағдай былай. Адамдар өз еркімен жұмыстан шықты. Компания қызметкерлерге заң жүзінде барлық ақшаны төледі. Жалақы және пайдаланбаған еңбек демалысының ақысы. Қазір біз кім қанша қаражат алғаны туралы анықтамаларды алып келеміз. Барлық құжаттарды прокуратураға өткіземіз”, – деп мәлімдеді “Tezco Trade" ЖШС басшысы Мәди Әубәкіров.

Наразы топ бұл жауапқа қанағаттанған жоқ. Енді құзырлы органдарға ұжымдық арыз жазбақ. Олар еліміздің түкпір-түкпірінде филиалы бар серіктестікті еңбек инспекциясы мен прокуратура тексерсін деген талап қойды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр