Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелді балтамен ұрған ер адам ұсталды

Алматы полицейлері үйді тонап, одан қала берсе әйелді балтамен ұрған 27 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

балта

Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Түркісіб ауданында жеке тұрғын үй секторында балтамен кезіп жүрген. 

«Отбасылық қыдырудан қайтқан ерлі-зайыптылар үйлеріне келген. Бірақ отағасы әйелі мен баласын есіктің алдына тастап, өзі ары қарай жұмысына кетеді. Әйел үйіне кірген бойда ас үйде ноутбуктың колонкасы жатқанын көреді. Ары қарай барса, жатын бөлмеде киім-кешектері шашылып жатқан. Сол кезде шкафтарды ақтарып жатқан жерінен еуропалық келбеттегі жігітті көріп қалады. Жәбірленуші одан қорыққанынан қаша жөнелген. Алайда, жігіт қолындағы балтасымен әйелді екі рет ұрып үлгерген. Ол құлап қалғаннан кейін қылмыскер белгісіз бағытқа қашып кеткен», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Күдікті өзімен бірге үйден 100 мың теңге мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Іздестіру жұмысына бірден кіріскен полиция қызметкерлері 1992 жылғы бұрын сотты болған жұмыссыз азаматты ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау