Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды (видео)

Алматыда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды. Бұл туралы Ұлттық Ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сарбаз

5574 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз оқу орталығында далалық жаттығуда болған кезде көз жұмған. Ведомство мәліметіне сәйкес, қатты жел салдарынан шатырдың темір жақтауы басына тиген.

"2022 жылғы 9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н.Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп шатырдан соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп жарақат алған.

Қатардағы А.Н. Шахимовқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық көлікпен Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қалалық аурухана дәрігерлері сарбаздың қаза болғанын растайды. Қатардағы А.Н.Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен жолдастарын құтқарып, өкінішке қарай өзі қатты соққыдан қаза болды", – делінген хабарламада.

А.Н.Шахимов 2003 жылы туған. Әскерге 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысы Көкшетау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылған. Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы сарбаздың ата-анасына қайғыра көңіл айтты. 

Талқылау