Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмаған
Алматыда 19 жасар қыз жоғалып кетті. Толық аты-жөні - Еділова Айжан Ерланқызы, туған жылы - 6 тамыз 2001 жыл, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеп.

2021 жылдың 19 наурызында сағат 20.48-де бойжеткен Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шыққанын соңғы рет бақылау камералары тіркеген. Бірақ үйіне оралмаған. Оның үстінде қара куртка, кең қара джинсы, басында қара берет бар. Қолына қызғылт сөмке ұстаған.
Жоғалған қыздың туыстары қаланың жанашыр тұрғындарынан әлеуметтік желілерде ақпаратпен бөлісуді сұрайды және кез келген ақпарат пайда болған жағдайда 8 (747) 144 41 10 (Алтынай) нөміріне хабарласуын өтінеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
