Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы жол апатынан қазақстандық бес спортшы қаза тапқаны белгілі болды

спортшыларФото: facebook.com/arsen.shakuov

Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда қайғылы жағдай болды. Бішкекте өткен құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен келе жатқан қазақстандық спортшылар жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлікте болған спортшылардың барлығы зардап шекті.

Ұлттық сурдлимпиялық комитеттің вице-президенті және жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов бұл деректі растады.

Қаза тапқандардың аты-жөні:
    •    Асыл Ибраимов – құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы;
    •    Дмитрий Мочальский – Сурдлимпиялық ойындар мен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
    •    Сәкен Смағұлов – құлағы естімейтін футбол құрамасының ойыншысы;
    •    Сергей Волковинский – ұлттық құраманың ардагері;
    •    Серік Молдашев – құлағы естімейтін футбол құрамасының мүшесі.

Полицияның хабарлауынша, апат 129-ыншы шақырымда болған. Honda Odyssey маркалы микроавтобус HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, ауыр соққыдан бес адам оқиға орнында қайтыс болды.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 18:57