Алматы тауларында жоғалған әйел табылды
Алматы тауларында жоғалып кеткен Әлия Камиева Үлкен Алматы көлінің маңынан аман-есен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, 1980 жылы туған Әлия Камиева 5 шілде күні өзімен бірге телефонын алмай тауға шығып кеткен. 7 шілде күні әйелдің анасы құтқарушылардан көмек сұрады.
"Сағат 10.56-да Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Әлия Камиева табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Зардап шегушіні ауруханаға жатқызу қажет. Төтенше жағдайлар департаменті "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен ауруханаға жеткізу ұйымдастырылды", – деп хабарлады ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың ең көп саны жұмылдырылды. Әйелді Республикалық жедел-құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің қызметкерлері және 75 волонтер іздеді. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына дрон қолданылды.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады