Алматы облысында ұлын жалған жұмысқа орналастырған мектеп директорына 9 миллион теңге айыппұл салынды
Алматы облысында мектеп директоры ұлын лаборант етіп жалған түрде жұмысқа орналастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Өңірлік соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айында Балқаш ауданы мектептерінің бірінің директоры ұлын мекемеге лаборант лауазымына жалған жұмысқа орналастырған. Мемлекетке келтірілген залал 902 мың теңгеге бағаланған.
“Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Сот оған ұрланған қаражаттың 10 еселенген мөлшерінде тоғыз миллион теңге айыппұл тағайындады. Енді мектептің бұрынғы басшысы оны үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей төлеуге міндетті. Әйтпесе жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады”, – делінген хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"