Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өгей әкесі зорлаған 12 жасар қыз суицид жасамақ болған

Алматы облысында полицейлер әлеуметтік желіні мониторинг жасау барысында 48 жастағы педофилді анықтап құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қараша айында қылмысьық полиция арнайы бөлімшесінің қызметкерлері 12 жасар қыздың күмән келтіретін жазбасына назар аударды. Жасөспірім өзіне қол жұмсағысы келетінін жеткізген. Әлеуметтік желіде жариялаған постында қыз өгей әкесі тарапынан сексуалдық зорлыққа ұшырап келгенін меңзеген. 

Құқық қорғау органдары жазба авторы мен оның анасын тауып, балалар психологымен бірге кездесу ұйымдастырды. Баламен сөйлескеннен кейін, мамандар оның зорлықтың құрбаны болғанын растады. 


Алматыда балабақшада балаларды оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады


"Қыздың өгей әкесі 48 жастағы ер адам болып шықты. Ол дәлелдер келтірілгеннен кейін жасаған қылмысын мойындады. Қазір қамауға алынды. Күдіктінің 2002 жылы кәмілеттік жасқа толмаған қызды зорлағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол 2011 жылы босап шыққан", – деп хабарланды Алматы облысының полиция департаментінен. 

Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 2-тармағына (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) сәйкес тергеу жүруде.

Талқылау