Алматы облысында каратэден жаттықтырушы балаларды ұрған
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Айжан" балабақшасында карате жаттықтырушысы балаларға қол көтерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

26 мамырда "Жалын" тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары каратэ жаттықтырушысы балаларды ұрғанын мәлімдеді. Факт балабақшаның спорт залының бейнебақылау камераларындағы жазбалармен расталды.
Жаттықтырушымен және балабақша қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Каратэ бойынша жаттықтырушы міндеттерін тиісінше орындамағаны және педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кейін ол өз еркімен жұмыстан шықты.
Өз кезегінде балалардың ата-аналары Еңбекшіқазақ ІІБ-не өтініш білдірді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді