AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйел көмір алу үшін қауіпті әрекетке барды

Алматы облысында әйел көмір алу үшін күтпеген әрекетке барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кербұлақ ауданында тұрғындардың бірі көмір алу үшін жүк тиегіштің шөмішіне мініп алды.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратқан.

Белсенді Тәңірберген Бердоңғаров та өз парақшасында видеомен бөлісті.

 

"Бұл жерлерде газ жоқ, адамдар көмір жағады. Қазір көмір де жоқ, бар болса да өте қымбат: тоннасы 25 мың теңге", - деп жазды ол.

Оның бұл сөзін оқырмандары да қолдады. Желі қолданушылары өңірде көмір тапшы екенін жарыса жазды.

Полицейлер автотиегіш жүргізушісін анықтап, жазалады. Тракторды Сарыөзектің 47 жастағы тұрғыны басқарғаны белгілі болды.

"Автотиегіштің 47 жастағы жүргізушісі әкімшілік кодекстің "Жол қозғалысы ережесінде қарастырылған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Көмір базасының иесімен және қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады полицияда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр