Алматы облысында ауылдық блогер бопсалау әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысында блогер әйел алаяқтық пен бопсалау әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ресми сайты.
Танымал ауылдық блогер бопсалады және алаяқтық жасады деп айыпталды. Тергеу мен сот процесі Еңбекшіқазақ ауданында өтті. Шелек ауылында тұратын жас әйелдің әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше мың жазылушысы бар.
Пандемия кезінде блогер кафе әкімшісін бизнеске зиянын тигізетін ақпарат таратамын деп қорқытып, ай сайын 20 мың теңгеге жуық ақшаны заңсыз алып отырғаны анықталды.
Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Бопсалау" және 190-бабы "Алаяқтық" бойынша кінәлі деп таныды.
Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бірақ кішкентай балалардың бар екенін ескере отырып, оның жазасы балалары 14 жасқа толғанша кейінге қалдырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады