Алматы облысында алты айлық нәресте коронавирус жұқтырды
Алматы облысында коронавируспен ауырған тағы 11 науқас тіркелді. Олардың арасында алтық айлық нәресте бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іле ауданының он тұрғыны, Еңбекшіқазақ ауданының бір тұрғыны індетке шалдыққан.
Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны учаскелік дәрігерді үйге шақырған соң анықталған. Ауырған - 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Бүгінгі күні Алматы облысында барлығы 97 коронавирус жұқтырған науқас тіркелді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"