Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 10 жастағы бала әжетханаға түсіп кеткен 3 жасар қызды құтқарып қалды

Алматы облысында 10 жастағы мектеп оқушысы әжетхана шұңқырына түсіп кеткен 3 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Оқиға 14 шілдеде Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында болған.

“2019 жылғы қыз бала ауладағы дәретханаға құлап, оны 10 жастағы көршісі құтқарып қалды", – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері ұсынған ақпаратқа сәйкес, Әлихан дәретхананың шұңқырына түсуге әкесінен өзі сұранған. Себебі, баланың әкесі әжетхана тесігіне сыймаған. Осы сәтте ол ұлын арқанмен байлап, дәретхананың ішіне түсірген. Сосын алдымен қызды, кейін ұлын шығарып алған.

"Балалар улы газбен тұншығып қалуы мүмкін еді. Бірақ баланың батыл және тез әрекеттерінің арқасында екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болмады. Әлихан көрші қыздың өмірін сақтап қалғаны үшін ведомстволық марапатқа ұсынылады", – деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Талқылау