Алматыда митингте зардап шеккендердің саны белгілі болды
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам реанимацияда жатыр, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар.
Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 бейбіт тұрғын бар.
Айта кетейік, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген.
Еске салсақ, еліміздің бірқатар аймақтарында заңсыз акциялар өтті. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды