Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында ұшақ автокөлікке соғылды (видео)

Алматы халықаралық әуежайында көлік ұшақтың астына кіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астына кіріп кеткенін көруге болады. Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған.

БАҚ-тың мәліметінше, ұшақ Fly Jet авиакомпаниясына тиесілі, Бакуден ұшып келген.

Бұл жағдай туралы көліктегі полиция басқармасы түсінік берді. 

“Оқиға 22 қазанында болған. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталған. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды. 

 

Талқылау