Алимент төлемеген борышкерлерге Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынды
Алимент төлемей жүрген 16 мың борышкердің Қазақстаннан шығуына тыйым салынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Алимент төлемей жүрген 16 мың борышкердің Қазақстаннан шығуына тыйым салынды. Тағы 2 мыңңан астам адам іздеуде.
Олардың өз балаларының алдындағы қарызы – 14 млрд теңгеге жеткен.
Сот орындаушыларының өндірісінде 305 мыңдай құжат жатыр.
Борышкерлердің ең көбі - Астана мен Алматыда. Төлем көлемін азайту үшін нақты табысын әдейі төмендететін жағдайлар да көп. Былтыр жүзден аса қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан