"Әлі де күресемін": Томирис Байсафаның анасы сот үкімінен кейін пікір білдірді
Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның анасы сот үкімінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгін үкім шығарылды. Сот аяқталды. Менің әрі қарайғы процедуралық әрекеттерім – апелляция. Әрі қарай күресемін", – деді Жанна Ахметова.
- "Тозақтан шыққандай болдым": Томирис Байсафаның анасы сот отырысы жайлы айтты
- Шетелде қаза болған қазақ қыздарының сұрауы кімнен?
Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.
Кейін Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ