Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлты қазақ: Әлемнің ең қарт тұрғыны деп мойындалған кейуана қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт кейуана, этникалық қазақ Танзиля Бисембаева  125 жасқа таяп қалған шағында дүниеден өтті деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің ең қарт тұрғыны қайтыс болды

Сурет: astravolga.ru сайтынан

Танзиля Бисембаева Астрахань облысының Красноярск ауданына қарасты Алча ауылының тұрғыны болған. 2016 жылдан бастап қарт әжей Ресейдің рекордтар кітабында ғаламшардың ең қарт тұрғыны ретінде тіркелген. Қария 125 жас толуына  жарты жыл қалғанда қайтыс болған көрінеді, оның денесі туған өлкесінде қойылыпты. Ол 1896 жылдың 14 наурызында дүниеге келген, сегіз ағайындының үлкені. Қазіргі кезде оның қалдырған ұрпағының қатарына  үш ұлы, 10 немересі, 25 шөбересі мен 2 шөпшегі кіреді.

Кейуананың бірінші жұбайы Ұлы Отан соғысынан оралмапты, ал олардың ортақ ұлы сәби кезінде шетінеп кеткен. Кейінен ол екінші рет тағы үйленіп, 53, 54 және 57 жасында үш ұл сүйеді.

Ең қызығы, әжей жүз жасына дейін дәрігерлерге мүлдем қаранбаған Тіпті, балаларын үйде өзі босанған көрінеді. Бірақ жасы бір ғасырдан асқан кейін қарияның көзі нашарлай бастаған. Балалары мен немелерінің айтуынша, Танзиля Бисембаева елде болып жатқан жаңылықтардан үнемі хабардар болып, үйде болғанда қазақша ән шырқап отырған екен.

Талқылау