Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

“Әлем аруы - 2025” байқауына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды

Фото: instagram.com/idrissova__sabina

72-халықаралық "Әлем аруы" сұлулық байқауына Қазақстан атынан "Қазақстан аруы–2023" атағының иегері, балет бишісі әрі модель Сабина Ыдырысова қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әлем Аруы – 2025" фестивалі Үндістанның Телангана штатында 7 мамыр мен 31 мамыр аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 11 мамырда, ал финал 31 мамырда ұйымдастырылады. Сабина әлемнің 110-нан астам аруымен бақ сынасып, Beauty with a Purpose бастамасы аясында өзінің әлеуметтік жобасын таныстырады.

Сабина Ыдырысова бала кезінен балетпен айналысып, Александр Селезнев атындағы хореография мектебін тәмамдаған. Бірнеше жыл бойы "Астана Балет" театрының сахнасында өнер көрсеткен. 

Қазір Сабина 23 жаста. Актрисалық бастамаларымен қатар, модель ретінде жұмыс істейді және ерекше қажеттіліктері бар балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеді.

"Әлем аруы" байқауы аясындағы Beauty with a Purpose бастамасы шеңберінде Сабина физикалық және зияткерлік дамуында ерекшеліктері бар балаларға қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру мен олардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған бағдарламаны жүзеге асырмақ. 

"Әлем аруы" байқауының ұйымдастырушылары да Сабинаның жобасының маңыздылығын ерекше атап өтті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @missqazaqstan.kz

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 20:56
Талқылау