AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдап шақырып алды": Маңғыстау облысында әскери жаттығуға қатысқан запастағы әскери азаматтар наразылыққа шықты

Маңғыстау облысында жүзге тарта запастағы әскерилер наразылыққа шықты. Олар өздерін әскери комиссариат өкілдері әскери жаттығуға қатысуға алдап шақырғандарын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Республикалық ауқымда өткен "Батыл тойтарыс" әскери оқу-жаттығуына қатысқан запастағы жауынгерлер төленетін қаржының тым аз екеніне шағымданды. Әскери комиссариат мамандары "5 күндік жаттығу жиынына қатыссаңыз, қомақты қаржы беріледі" деп хабарлады дейді. Бұған келіскенде, жаттығудың 12 күнге созылатынын бір-ақ білдік деп отыр.

"Жұмысымызды мардымсыз қаражат үшін тастап келген жоқпыз" деп ашынған запастағылар, бұл іске жауаптыларды анықтай алмай әлек. 

“3 күн, 5 күн болады соған 80 мың берілейін деп жатыр деді. Сосын жұмыс орны қалай болады деп едім. Жұмыс орны да береді, мына жақтан да береді ақша деді. Біз сосын сеніп келдік. Келсек мына жақта мүлде басқаша айтып кетті. Айына 90 мың теңге аламын, соның үштен бірін беріп тұр. 30 мың теңге. Жалақым сақталмаған”, – деді запастағы жауынгер Ерлан Бітімбаев.

“Жалақымды есептегенде бұрынғы мекемеде алып отырған айлығым шықпайтын болып қалды. Төлейміз деген. Енді төлемейміз дейді. Курорт деп жіберді. Мылтық атасың, әскерді есіңе аласың, мекемеден де ақша аласың, мына жақтан да ақша аласың деді”, – деді запастағы жауынгер Қайрат Досов.

Азаматтардың сөзінше, жаттығуға шақырған әскери комиссариат мамандары оқу-жаттығу бір апта уақыт алатынын айтқан. Яғни, сенбі-жексенбі күндері демалыс болады деп ескерткен.

Қорғаныс министрлігінде оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру жергілікті әкімдік құзыретінде екенін, соған сай төлемақыға тек әкімдік өкілері жауап беретінін айтты. 

“Біз ешкімге уәде берген жоқпыз. 11-22 сәуір аралығында өтеді деп уақытын көрсеттік. Жұмыс орнынан 1 айға алатын жалақысын 30 күнге бөліп, 12 күнінің ақшасын есептеп төлейміз. Нақты белгіленген сома жоқ. Ал жұмыссыздарға ең төменгі айлық мөлшері - 60 мың теңгенің 12 күнге арналған сомасы төленеді”, – деді Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Ғалым Андалиев.

Жұмысын тастап, жаттығуға барғандар ендігі айдағы несиесін қалай төлерін білмей дал. Топырақ астында жаттығу өткізіп, ас-суын ішкен запастағы әскерилер бұл жағдайға қатты ашулы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр