Алдағы президент сайлауына шамамен 20 миллиард теңге жұмсалады – Вице-министр
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева алда өтетін президент сайлауына шамамен 20 миллиард теңге жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, Орталық сайлау комиссиясы шығындарды әлі есептеп жатыр.
"Қаржы үкімет қорынан бөлінеді. Шамамен 20 миллиард теңге. Парламент сайлауына 25 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Осылайша парламент пен президент сайлауына 45 миллиард теңге қажет", – деді Савельева.
Айта кетейік, 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күзде президент сайлауын өткізуді ұсынған. Сондай-ақ ол президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу керегін айтты.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған