Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кетті

Алматылық ер адам Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп жергілікті тұрғындарды 2 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1995 жылы туған азамат Ц. екі және одан көп адамның сеніміне кіріп, өзгенің мүлкін алдау жолымен иеленгені үшін айыпталуда. 

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде 2 алдап-арбау фактісі тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілді. Күдікті адамдарды ғаламтор арқылы алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын рәсімдеу және жұмыс тауып беруге көмектесу туралы жалған хабарламалар жариялаған. Ақшаны алғаннан кейін, ізін суытып отырған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен азамат Ц. ұсталды. Ол қамауға алынды", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мусанов. 



Тергеу қажеттілігін ескере отырып, полицейлер азамат Ц.-дан зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: +7-778-879-78-88; +7-702-401-11-10.

Талқылау