Актриса Бақаева “Айман-Шолпан” телехикаясында егіздің сыңарын сомдайды
“Көркемфильм” кинокомпаниясы “Айман-Шолпан” атты 100 бөлімнен тұратын телехикаяның түсірілім жұмыстарын бастады. Алматы қаласында түсіріліп жатқан туындыда егіз қыздардың бірін танымал актриса Салтанат Бақаева сомдайды.
Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды. Телехикая өмір жолында түрлі қиындыққа тап болған егіз апалы-сіңілінің өмірін баяндайды. Бойжеткендердің бірі бизнесменнің ерке қызы болса, енді бірі әр тиынын маңдай тері мен қара күшпен тапқан ару. “Біз таланттарды Қазақстанды аралап жүріп іздедік. Лондон мен Татарстаннан да қарадық. Виргиндік аралдан келген америкалық азаматтың өзі біздің фильмде ойнады! Иә, біз қалай табу керектігін білеміз. Ең күштілерін іздеп таптық. “Көркемфильм” киностудиясы “Айман-Шолпан” атты 100 бөлімнен тұратын отбасылық драма түсіріп жатыр. Асыға күтіп жүрген болсаңыз, жаңалықтарымызды жіті бақылап отырыңыздар”, - дейді картинаны түсіруші оператор Кирилл Монтана.
Кастинг директоры Аида Джанетова егіздердің рөліне Салтанат Бақаевадан бөлек 72 бойжеткеннің бағын сынап көргенін айтады. Десе де, Аида ханым егіздің сыңарын кім ойнайтынын құпия қалдырған. Әзірге фильмнің нақты қашан көрерменге жол тартатыны белгісіз.
Оқи отырыңыз: Салтанат Бақаева алаяқ бойжеткеннің құрбаны болды Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті Енесі: Алғашында Салтанат тамақ пісіре алмаймын деп шошытты Салтанат Бақаева: Ата-енем барда жолдасым маған опасыздық жасамайды Салтанат Бақаева өзін алдап соққан бойжеткенді тапты
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған