Ақтөбенің үш бірдей жерінде қарулы атыс орын алды (фото, видео)
Алдын ала деректер бойынша куәгерлердің айтуынша Ақтөбе қаласының үш ауданында орын алған атыстың себебі белгісіз. Оқыс жағдай Филармония аумағында, 5-ші ықшам ауданда және “Паллада” қару дүкенінің жанында болған.

суреттер vk.com
Қазір атыс болған аудандарды полиция күзетуде. Оқиға орындарында бірнеше жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Бейресми мәлімет бойынша белгісіз біреулер “Пантера” қару-жарақ дүкенін тонап кеткен.
Атыс бүгін сағат 2 шамасында басталған. 24-30 шамасындағы ер адам Облыстық Филармония аумағында полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Оқиға нәтижесінде 2 адам зардап шеккен. Полиция бірнеше күдіктіні қолға түсірген.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның суреттері мен видеосы пайда болуда. Құқық қорғау органдары тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берген. Ал сауда үйіндегі адамдар эвакуациялануда. Әзірге ІІД немесе ІІМ ресми түсініктеме бермеді.




Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды