Ақтөбеліктер 54 көліктен шырша құрастырды (фото)
Автосүйер қауым ақтөбеліктерді Жаңа жылымен құттықтады. Қаланың шағын аудандарының бірінде жүргізушілер өздерінің көліктерінен шырша жасады. Артынша барлығы бір уақытта көліктерінің жарығын қосқан.

Бұл туралы “Диапазон” басылымы хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, науқанға 54 көлік қатысқан. “Жаңа жылдық науқан Ресей қалаларында басталып, артынша Қазақстанда өз жалғасын тапты. Біздің қаламызда науқанды өткізуге ақтөбелік автоклуб ұсыныс жасады. Біз келістік. Алдымен интернет арқылы хабарландыру ілінді. Келгендер көп болып, тұраққа сймай жатты. Бірінші олар өздерінің көліктерінен сағат құрастырды. Ал шыршаны шамамен екі сағат құрастырды. Алғаш құрастырған шырша қисық болып қалды. Оны басынан жасады”, – дейді “Zello Ақтөбе” әкімгері.

Көліктерден құралған шыршаны 20-30 метр биіктіктен квадрокоптердің көмегімен түсірген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады