Ақтөбелік әйел балалардың көзінше өзіне қол жұмсады
Ақтөбеде 25 жастағы әйел өзіне қол жұмсамақ болған. Ол төртінші қабаттан секірді. Бұл жағдай балалардың көз алдында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары да жедел жетіп, барлығы келіншекті сабырға шақырмақ болыпты. Райынан қайтпасын білген соң төмендегілер көрпе жайып тұрған. Соның арқасында 25 жастағы тұрғын аман қалды. Ешқандай жарақат алмаған.
Дәрігерлер тексеріп, өзін өлтірмекші болған келіншекті үйіне қайтарды.