Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік ананың баласы мен келіні үшінші баласын Сирияда өмірге әкелген

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір ауылында тұратын Ақжібек жылап отыр. Баласы отбасын алып, Сирия асқан. Тіпті нақты Сирия ма, Ирак па, білмейді де.

News-image-55685-0

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Үшінші немересін өппек түгілі, көрмеген. Оның туған жері – сол елдердің бірі.

“Бершүгір ауылында 370 шамасында түтін бар. Халықтың тұрмысы жақсы. Дегенмен соңғы уақытта жат ағым жетегінде кеткен жастардың көбеюі тұрғындары алаңдатып отыр.

Мұратовтардың тыныш тірліктері бұзылғалы екі жылға жуықтаған. 2015-інші жылдың сәуірінде үйдің үлкені Дулат келіншегі, екі баласымен бірге Түркияға демалуға кетіп, сол жақтан Сирияға тартып отырған. Содан бері анасының көз жасы құрғаған емес. Айтуынша, ұлдары тәртіпті, салмақты болған. Үйленгеннен кейін Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласына қоныс аударып, сол жақта жұмыс істеген. Қазір ата-анасы «оның дін жолында жүргеніне қуанбасақ, ренжіген емеспіз, арты мұндай боларын қайдан білейік» деп, зар илейді.

“Олар айтыпты, самолетке мінбей қалды, өз еркімізбен қаламыз деп. Артынан ватсаппен шықты. Онда да келін. Солай-солай, папа, мама, біз өзіміз қалып жатырмыз. Өтіп кеттік дейді ар жаққа. Сирияға. Қайтпаймыз дейді. Бастапқыда хабарласып тұрды. Онда да келін. Қайт деп жатырмыз. Олар айтты, обратно ход жоқ”, – дейді Дулаттың әкесі Қайрат Мұратов.

Мұратовтардың баласы мен келіні Сирияда жүріп, үшінші нәрестені өмірге әкелген. Анасы олармен соңғы рет екі ай бұрын шамасында сөйлескендерін айтады. Онда да тікелей емес, әлеуметтік желі арқылы. Олардың дәл қай жерде екенін бұлар білмейді. Ел қауіпсіздігіне жауапты органдар да нақты ештеңе айтпай отыр екен.

“Өздері бір хабарласқанда «Ирактамыз, мен өз отбасымды оттың ортасына тастамаймын, мен оларды қорғаймын, жамандық ойламаймын» деді. Біз Ирактамыз деп, видеосын жіберді, балдар талға мініп, апельсин теріп жүр екен. Менімше, семьясы бір жерде, өзі былай-былай барып қайтады-ау деймін”, – дейді анасы Ақжібек Құдайбергенова.

Ал, ауыл әкімі «жат ағымдарда жүргендер соншалықты көп емес, қазір 4 отбасы ғана арнайы тіркеуде тұр» деп сендіруге тырысты.

Тұрғындардың айтуынша, ауылда жақында ғана теріс ағымда жүрген бір жігіт қайтыс болған. Оның намазын бермей, бірден жерлеп тастаған. Жетісін де бермеген. Тіпті, ауыл үлкендерінің өзі «Біздер не болғанын білмей де қалдық» дейді.

“Олардың заңы бойынша, адам таңертең қайтса, кешке дейін қойып болу керек екен. Түнде қайтса, ертеңгісін қою керек дейді. Сапар да сол түнде қайтты, қойып болыпты солай. Садақа жасаған жоқ дейді, жеті нан пісірген жоқ”, – дейді ауылдық қарттар кеңесінің төрағасы Ыбырай Темірбаев.

Ал, Ақжібек Құдайбергенова Сирияда жүрген баласы, келіні мен үш немересі елге аман-есен қайтады деген үмітін үзген емес.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында сатушы әйел қару кезенген тонаушының өзіне тап берді (видео)

59 мың долларынан айырылған ана: Қытайда қылмыскер атанбап едім

Дзюдодан Қазақстан чемпионын түрме қызметкерлері суицидке итермелеген

Ақтөбелік келіншек күйеуін жан құрбысынан қызғанып жүр

Талқылау