AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүздеген медицина студенті мемлекеттік емтиханнан "құлады": Министрлік мұның себебін анықтады

Болашақ дәрігерлер мемлекеттік емтиханнан төмен балл алған. Оның себебі техникалық ақауға байланысты болып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүздеген ақтөбелік қорытынды аттестациядан өте алмай қала жаздады. Түлектердің барлығы дерлік шекті баллдан сәл жоғары балл жинады. Белгілі болғандай, дәл осындай жағдай ел бойынша медицина студенттері арасында да орын алған.

Астана арнасының мәліметінше, министрлік емтихан орталығымен бірлесіп тексеріс жүргізді. Төмен ұпайлар тест кодтарының сәйкес келмеуіне байланысты болып шықты.

"Жүйе тарапынан қате есептелген ұпайлар студенттің пайдасына қаралады. Студенттердің білімін төмен бағалаудың себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға емтихан нәтижелерін жою туралы өтініш жіберіледі және барлық техникалық ақаулар жойылғаннан кейін оларға бастапқы емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етіледі", – деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Еске салсақ, кеше Ақтөбе медицина университетінің студенттері тест нәтижесіне наразы болып жатқанын айтқан едік. Интернатурада оқитын студенттерге тест нәтижелерін жойып, емтиханды қайта тапсыру ұсынылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр