Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ұлы әкесі үшін бауырының жартысын бөліп берді

Ақтөбеде бауыр ауыстыру операциясы сәтті өтті. 53 жастағы сырқат жансақтау бөлімінен жалпы палатаға шығарылды.

xiu4d1kk400163

Фото: espanarusa.com

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Дәрігерлер күрделі операцияны Оңтүстік Кореядан келген мамандардың көмегімен жасаған. Әкесіне бауырының жартысын бөліп берген ұлының да жағдайы бірқалыпты.

Бірнеше күн бұрын күрделі операция жасатқан Жолдыбай Симановтың жағдайы жақсарып келеді. Ол осыдан 2 ай бұрын өмірден күдерін үзген еді. Бауыр церрозы асқынып, бір күнде жансақтау бөліміне түседі. Кенже ұлы Еркебұлан әкесіне донор болғысы келетінін айтады. Қажетті сараптама жасалып, оларды операцияға дайындайды. Ақтөбеге шеберлік сағатын өткізуге жиі келетін оңтүстіккореялық хирургтер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай операцияны тегін жасады.

“Бір үйден бір емес, екі адам операцияға жатып жатқанда қатты қорықтым, түнімен ұйықтамай шықтым. Дәрігерлерге сендік. Жанұямның түгел болғанына үлкен алғысым бар айтатын”, – дейді Ж.Симановтың жұбайы Ақжан Симанова.

Трансплантология операциясының қиындығы сонда операция үстелінде 2 сырқат жатады, бірнеше білікті хирург қатысады. Кореялық мамандар жергілікті дәрігерлермен бірлесе жұмыс жасады. Облыстық көпсалалы аурухананың хирургтері Жанәділ Әлмырзаұлы мен Ермахан Асылханұлы дәл осы трансплантология саласында машықтанып жүр. Екеуі де шетелдерде тәжірибе жинап келген.

“Соңғы 2 жыл ішінде осы операцияға қатысатын мамандар даярланды. Олар қазіргі таңда барлық бригада қалыптасты. Барлығы Корея, Беларусь, басқа да шетелдерден оқытылып, біліктіліктерін арттырды”, – дейді хирург-трансплантолог Жанәділ Әлмырзаұлы.

Трансплантология операциялары Батыс өңірде тек Ақтөбеде жасалады. 2014 жылы алғаш рет бүйрек ауыстыру операциясы сәтті өтті. Соңғы 2 жылда 17 адамның бүйрегі алмастырылды. Бауыр трансплантологиясы биылдан бастап қолға алынды. 6 сырқатқа туысы донор болып, операция жасалды.

Оқи отырыңыз:

Қанның 9 түрлі көрсеткіші денсаулығыңыз жөнінде толық ақпарат береді

4 жасар Жәнияның анасының Аяз атаға жазған хаты қазақстандықтарды жылатты

Қазақстандық академик Ресейден келетін сүтті ішпеу керектігін айтты

Елімізде кейбір йогурт пен қойытылған сүт өнімдері денсаулыққа зиянды болып шықты

Талқылау