Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде оқушының анасы ата-аналар комитеті жинаған ақшаны жұмсап жіберген

Ақтөбедегі №22 орта мектептегі бірінші сынып оқушыларының ата-аналары балаларға ортақ форма тігу керек деп келіседі. Ұлдарға – жасыл пиджак, галстук және желетке. Ал қыздарға – дәл сондай киім үлгісі және шотланд белдемшесі бекітілген.

IMG_0552

Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды.

Комитет мүшелігіндегі әйелдердің бірі өзі кассир болып, ательені де табуға дайын екенін айтады. Қалған 30 ата-ана оған ақшаларын өткізеді.

Белгілі болғандай кассир әйел киімге жиналған 5 мың теңгеден бөлек, сынып қоры деп 3 мыңнан және жиһаздарды жаңартуға тағы 2 мың теңгеден жинаған. Жалпы жиналған қаражат көлемі белгісіз. Ата-аналардың бірі 8 мың теңге берсе, ал бірі 2 мың теңге ғана беріпті.

Өзгенің ақшасын жұмсауға еш қысылмаған әйел ақырында ыңғайсыз жағдайға тап болған. Мемлекеттік айыптаушы Елдар Әбиевтің айтуынша, ананың үстінен “алаяқтық” бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалған.

Алайда сот барысында әйелге жұмсаған ақшасын қайтару талап етілмеген. Оның күйеусіз жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырғаны айтылуда.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда баланы қағып өлтірген азамат жазаланбайтын болды

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

Талқылау