Ақтөбеде бетін тұмшалаған екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)

Былтыр 28 желтоқсанда қыздар Ақтөбедегі сауда үйіндегі бутиктен бірнеше iPhone смартфонын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнекамерадағы жазбадан екі қыздың дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап жатқанын көруге болады. Үш күн өткен соң олар бутикке қайта барып, сөренің ашық тұрғанын көріп, тағы бір iPhone-ды қолды қылған.
“Полиция күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер 19 және 20 жастағы екі ақтөбелік қыз болып шықты. Олар өз кінәсін мойындап, ұрланған мобильді телефондарды ломбардқа тапсырғанын және алынған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты”, – деп хабарлады полиция.
Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция мұндай әрекеттер үшін заң бойынша 7 жылға дейін бостандықты шектеу немесе 7 жылға сотталу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылғанын ескертті.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті