Ақтөбеде АИТВ жұқтырған нашақорлар мен гомосексуалдар тәуіптерге қаралып жүр
Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адамнан АИТВ анықталды. Олардың арасында нашақор мен гомосексуал бар. Науқастар арнайы мекемеден тегін дәрі-дәрмек алмай тәуіптерге қаралуын тоқтатар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір жыл ішінде Ақтөбеде АИТВ жұқтырған 40 адам тіркелді. Олардың үшеуі шетелдік азамат, біреуі азаматтығы жоқ адам. Дерт жұқтырғандардың басым бөлігі ер адамдар.
«АИТВ көбіне жыныстық жолмен жұғады. Нашақорлар арасында да тез таралады. Бір қиыны, өткен жылы 20-29 жас аралығындағы жастардың саны артып, АИТВ дерті анықталғандардың 47 пайызын құрап отыр. Науқастар арнайы мекемелерде берілетін тегін дәрі-дәрмекті пайдаланбай, өз бетімен қазақы емді жағалап кетеді. Емшілерге барып, шөптен дайындалған тұнбаларды ішеді. Өкініштісі, олар тек уақыт өткізіп жатыр»,- дейді «Ақтөбе Арасан» ЖШС профилактикалық бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.
Айта кетейік, Ақтөбеде АИТВ жұқтырған 298 науқас тіркелген. Олардың 60-ы шетел азаматы.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?