Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 12 жастағы баланы қаңғыған иттер талап өлтірді: Полиция істі жауып тастады

Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талап өлтіргені дәлелденіп, тергеу аяқталды. Тәртіп сақшылары мұны оқыс оқиға деп бағалап, істі жауып тастаған. Енді ешкім жауапкершілікке тартылмайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Елді дүрліктірген оқиға екі жарым ай бұрын болған еді. Есет батыр тұрғын үй алабынан Мадияр есімді баланың мәйіті табылады. Бұралқы иттер оқушыны талап, сау-тамтығын қалдырмаған. Сол кезде-ақ полицейлер қаңғыған иттер талап өлтірген болу керек деген болжам айтқан еді.

Бірақ бала кісі қолынан қаза тауып, оны құрылыс алаңына лақтырып кетуі мүмкін деген алып-қашпа әңгіме де тарады. Екі ай бойы тексерілген сараптама қорытындысы Мадиярды бір топ бұралқы талағанын растады.

“Бала көп қанын жоғалтқан. Бас, дене, аяқ-қолы жарақаттанған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғаны анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылық болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды”, – дейді Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Талқылау