Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында үшем дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлсая Қалжанова өмірге үшем әкелді. Балалардың есімі – Хамза, Ибраhим, Ахмад. Үшеуі де дін аман, ертең үйіне шығады.
Ақтөбеде Қасым мен Жомарт есімді егіздер дүниеге келді
"Бұл отбасының төрт баласы бар. Бір қыз, үш ұл. Үшем өмірге келіп, енді ол 7 баланың ата-анасы атанып отыр. Анасы Гүлсая – Мұғалжар ауданы әкімдігінде іс жүргізуші, әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді. Балалардың денсаулығы жақсы. Ибрахим 2 985 гр, ал Хамза мен Ахмад 2 435 гр болып өмірге келді", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысында үш жылдан бері алғаш рет үшем дүниеге келгенін жазғанбыз.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
